Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің мақсаты – балаларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында балабақшада ұлттық құндылықтарды сіңіруге барлық жағдай жасалған. Өткізілетін іс-шаралар, семинарлар, ҰІӘ және ойындар балалардың қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.