№62 "Нұрсәуле" балабақшасы

2024 ЖЫЛДЫҢ 31 ҚАҢТАРДА АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ №62 "НҰРСӘУЛЕ" БАЛАБАҚШАСЫНДА «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ - БАЛАБАҚШАДА» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТКІЗІЛДІ

Семинардың мақсаты:
Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру, педагогтердің кәсіби деңгейінің шығармашылық жұмыстарын көрсету және іс-тәжірбиемен алмасу.
Семинарға қатысқандар: 1-ші Білім секторы: №5 «Ақбота»№15 «Дарын»№44 «Үркер», №45 «Самұрық», №61 «Шолпан», №63 «Әсем-Ай», №91 «Еңлік» балабақшаларының меңгерушілері.

Семинарды №62 «Нұрсәуле» балабақшасының меңгерушісі Касенова А. З. ашып, «Ұлттық құндылыққа негізделген білім беру — балабақшада» бейнеролигін балабақшада бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру үшін жүргізілетін жұмыстар түрлерін әдіскер Каирбекова Г.Т. атап өтті.
Мектепалды «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Карагожина Д.К. «Ұлттық киімдер» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті. Қазақтың ұлттық киімдерін аттарын, неден жасалғаны туралы балалар слайдтан көрсетілді. Дидактикалық ойын Луллия шеңбері әдісімен «Кім тапқыр?» ойынын ойнады. Қонаққа шетелден қонақтар келіп, оларды қонаққа әжеге апарады. Әже балаларға сандығынан ұлттық киімдер шығарып, таныстырып әңгімелеп береді. Алдар көсе «Шаңырақ» ойынын ойнайды. Тәрбиеші балаларды бейнелеу орталығына апарып, бейнелеу өнерінің жетекшісі дәстүрден тыс қазақша көйлектің етегін ермексазды илеп, басу әдісімен жапсырып, матамен көйлек желбіршегін жасады.
Мобильді кітапхана «Қазақтың ұлттық ертегілерінде» тәрбиеші Сейтказынова Ж.С. Байсолтановна балалармен планшетпен сканерлеу арқылы көрсетті. Балалар «Толағай» ертегісін және мақал-мәтелдерді толық әңгімелеп айтып, айтып берді. Бейнелеу өнері жетекшісі Ислямгалиева Р. К. стринг-арт әдісін қолдану арқылы педагог,бала және ата-анамен үштік одақ жұмыс жүргізді. Психолог Ермаганбетова А.М. «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында педагогтермен жұмыс өткізді. 1-ші топ педагогтары жіппен өру, өру түрлерін, қамшы өру, шаш өру, шашбау өру түрлерін көрсетсе, 2-ші топ киіз басу, оны кестелеу әдістерін көрсетті. Семинар жоғары деңгейде өткізілді.

БІЛІМ АЙНАСЫ: МАҚАЛА ЖАРИЯЛАНЫМЫ

Ұлттық құндылыққа негізделген білім беру — балабақшада. Каирбекова Гаухар Тулегеновна Астана қаласы №62 «Нұрсәуле» балабақшасының әдіскері. Қалалық семинар–практикум. 2024 жылдың 31 қаңтарда Астана қаласының әкімдігі №62 «Нұрсәуле» балабақшасында «Ұлттық құндылыққа негізделген білім беру — балабақшада» тақырыбы бойынша қалалық семинар — практикум өткізілді.

Нұрсәуле

Виртуалды көмекші

Сәлем, сайтқа қош келдіңіз. Менімен WhatsApp арқылы сөйлесу үшін төмендегі түймені басыңыз.

Прокрутить вверх