№62 "Нұрсәуле" балабақшасы

Хаттама

Бұйрық

Жоспар

Анықтама

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осыған орай №62 «Нұрсәуле» балабақшасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілді.
Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері:  
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.
2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
3. Оқу-білім үрдісінде ата-аналар мен педагогтар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Әр педагог білуі тиіс:
— Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыс түрлері
Ата-аналардан ақшалай қаражат жинауға тиым салу туралы бұйрығы және балабақшаның арнайы бұрыш жасалды.
Балабақшаның 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында педагогтар мен ата-аналарға арналған ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде ата-аналар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында балабақша әкімшілігі және балабақша ата-аналар комитеті қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Балабақша меңгерушісі педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында жиналыс өткізді. «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Ата-аналардың бұйырықпен танысқаны туралы қолдары қойылды.

«Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы аналардың пікірін білу, талқыға салу. Әкелердің бала алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Педагоктар «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.

«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта ата-аналарға тәрбие сағаттары өткізілді.

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында мектепалды топтар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, сауалнамаға 100 ата-ана қатысып, ой бөлісті.
Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.
Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында педагогтар үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.

«Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет»

Сыбайлас жемқорлық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін қазіргі қоғамның негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Біздің мемлекетіміздің осы әлеуметтік зұлымдықпен белсенді күресіп, оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар оның жарқын дәлелі болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, лауазымды адамдар жүргiзуге мiндеттi.

Мемлекетімізбен сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жою мақсатында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны iске асыру, сондай-ақ «Естуші мемлекет» қағидасын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР Заңының  9-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бiлiм беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенi арқылы жүзеге асырылады.

Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң тәуекелiн төмендетуге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметкерлердiң жұмысының ашықтығына бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық – терроризммен және елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуімен қатар, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне аса маңызды қатерлердің бірі. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі бекер емес. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жою өмірдің барлық салаларына оң әсер етеді.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған сәттен бастап біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша орасан зор жұмыстар жүргізілді.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу, құзыреттілік негізінде ілгерілету тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілді. Командалық орын ауыстыру үшін жағдайлар қысқартылды, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қайта қаралды.

Осы жаңалықтардың арқасында барлық азаматтардың материалдық, әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан қалаған лауазымға орналасу мүмкіндігі бар; биліктің жоғарғы эшелондарында туыстық байланыстар мен таныстардың болуы оның жұмысқа орналасуына да әсер етпейді. Бұл қазіргі мемлекеттік қызметшілерге оларды жоғарылату кезінде де қатысты.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыруға өте оң әсер етеді.

Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жұртшылықтың әлеуеті белсенді пайдаланылуда, бірқатар үкіметтік емес ұйымдар ұсынған қоғамдық бақылау күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің жанынан жұртшылық өкілдерінен тұратын арнайы мониторингтік топтар құрылды, олардың басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын бағалау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды факторларының бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерін алу үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысты болдырмауға арналған.

Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынды.

Мысалы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам болашақта мемлекеттік мекемелерге тек басшы лауазымға ғана емес, сонымен қатар әкімшілік персонал лауазымына да жұмысқа орналаса алмайды.

Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталды. Парақорлық үшін жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде бірден өтеуге тыйым салынды.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілік институты енгізілді.

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаған жағдайда қалаған нәтижеге қол жеткiзу мүмкiн емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бүкiл қоғамның iсi.

Сыбайлас жемқорлыққа төзiмсiздiк қарым-қатынас әр қазақстандықтың азаматтық көзқарасына, ал адалдық және ақшаға сатылмау — мiнез-құлық нормасына айналуы тиiс.

Бұл кеселге қарсы тұру – елдің әрбір азаматының міндеті!

Егер Сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз, бұл туралы мобильді телефоннан немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу қажет.

Нұрсәуле

Виртуалды көмекші

Сәлем, сайтқа қош келдіңіз. Менімен WhatsApp арқылы сөйлесу үшін төмендегі түймені басыңыз.

Прокрутить вверх