Құрметті ата-аналар!
Балабақша балаңызды алып келген кезде, төмендегі талаптарды орындаңыздар:
- топтың температурасына сай киім киіндіру, топта киіетін аяқ киімі ыңғайлы болу;
- арнайы сабақтарға (дене шынықтыру, бассейн) айтылған киім үлгісін алып келу
- таңертең балбақшаға келер алдыңда балаға тәттілер бермеу және тамақтандырмау, өзімен бірге тамақ алып келмеу;
- топқа артық зат: ойыншық, планшет, телефон т.б алып келмеу;
- балабақшаның күн тәртібін бұзбау.


Құрметті қала тұрғындары!
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету” мемлекеттік қызметі birge.astana.kz. порталы арқылы көрсетілетін болады. Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап портал қолжетімді және өтінімдер қарау үшін қабылдануда.


Ата-аналарға кеңес
Логопедтің кеңестері
СІЗДІ БАЛАҢЫЗДЫҢ ТІЛ КЕМІСТІГІ АЛАҢДАТА МА?
Тіл қарым-қатынас құралы. Тіл арқылы адамдар өзара пікір алысады, бірін-бірі түсінеді. Тіл адам психикасының ерекшеліктерін сөз арқылы бейнелеп, өзінің еркі мен сезім күйін, мақсат-мүддесін білдіреді. Бала 4-5 жастан ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, орнын алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. «Есейген соң өзі түзеліп кетеді»,-деп көбінесе ата-аналар ондай ақауға көңіл бөле бермейді. Дыбыстың айтылуындағы кемістіктер баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Логопед-жалпы тіл мүкісі бар балалармен жұмыс жасайды. Маман ретінде ата-аналарға төмендегідей кеңес айтқым келеді. Баланың тілі жаңадан шығып келе жатқанда онымен бір тілде ғана және бала тілімен сөйлесу қажет. Мысалы, ня-ня, пи-пи, бум-бум т.б. сөздерге шектеу қойып, оның дұрыс еместігін түсіндіріп, нан, машина-деп таза айтқызып, баланың ұсақ қол маторикасымен көп жұмыс жасау керек. Ұсақ қол маторикасы арқылы баланың тілі дамиды. Баламен бірге үйде көбірек сурет салыңыздар, мозаика, пазл, түстерді қолдана отырып, сіздер өз балаларыңызды жан-жақты дамыта аласыздар. Кішігірім әңгіме құру үшін суретпен жұмыс жасап, балаға уақыт бөліп, кітап оқып беріңіз. Кітап оқу арқылы баланың ойы, танымы, логикалық ойлауы дамиды. Үйдегі сәби яғни, 1 жарым жастағы балаға тамақты езіп, немесе шайнап беруге болмайды. Өйткені бала тамақтанғанда оның тіл, жақ-сүйектері қозғалып жұмыс жасауы тиіс. Тістері қатты болу үшін балаларға сүйекті көбірек мүжіту керек, сору процесі даму үшін құрт беріңіз, ол өте пайдалы.
- Ұйымдастыру. Ересек даярлық топ балаларын құрылымы мен тілдік дамуындағы анықталған ауытқу дәрежесінің себебін табу мақсатында логопедтік тексеру.
- Балалармен жеке (топтық) әңгімелесу.
- Диагностикалық сипаттағы арнайы тапсырмалар.
- Топ тәрбиешілерімен, ата-аналармен әңгімелесу
- Баланы қажет болған жағдайда неврологқа, сурдологқа ақыл-кеңеске жіберу.
- Тексеру барысында алынған мағлұматты қорыту, логопедтік қорытынды жасау.
- Тілдік қорытынды бойынша анықталған түзету жұмысының бағдарламасын жоспарлау.
ІІ. Жұмыс бағыты.
– артикуляциялық, саусақ, тыныс алу жаттығуы;
– фонематикалық қабылдауын қалыптастыру;
– лексика-грамматикалық жағынан дұрыс қалыптастыру;
– байланыстырып сөйлеуді дамыту;
– сауат ашу және дыбыстық талдау дағдысын қалыптастыру;
– жұмыс динамикасын айқындау мақсатында логопедтік сараптама өткізу.
Топтар арасында іріктеліп алынған тілінде мүкісі бар балалармен қыркүйек айынан бастап диагностика жүреді, ол жерде «Тіл дамыту» картасы ата-аналармен кеңесе отырып толтырылады. Балалармен артикуляциялық және тыныс алу, қол-қимыл жаттығуларын үйреніп, тақпақтар, жаңылтпаштар жаттаймыз. Жүргізілген жұмыстан нәтиже шығару үшін ата-аналар логопедпен бірігіп жұмыс істеп, берген тапсырмаларды үйде қадағалап, баладан сұрап отыруы керек.