Кеңес барысында осы жылдың 15 тамызында Астана қаласында елімізді Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен ұстаздардың Республикалық Тамыз конференциясы талқыланды.
Конференцияда Мемлекет басшысы білім беру саласындағы негізгі басымдықтарды айқындап, педагогтерге үлкен сенім артатынын атап өтті.
Сонымен қатар, әдіскер Каирбекова Гаухар Тулегеновна «2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастыру» туралы әдістемелік нұсқаулық хатқа тоқталды.
- нормативтік – құқықтық құжаттарды басшылыққа алу;
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
- экологиялық мәденитті, құқықтық және қаржылық сауаттылықты қалыптастыру;
- ата- аналармен жұмысты жүйелеу әдістемелік ұсыныстар берді.